Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қостанайда қоқыс полигондарының тең жартысы талапқа сай емес

2019 жылдың 9 сәуір 2019 22:13

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда барлық деңгейдегі әкімдердің қатысуымен өткен кеңесте қоқыс тастайтын жерлердің санын қысқарту және полигондардағы меншік иелері жұмысы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық энергетика және тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық басқармасының басшысы Алмат Есенбаев хабарлағандай, облыста шешімін таппаған экологиялық мәселелер аз емес. Солардың бірі - елді мекендер аумағының ластануы. Бұл мәселеге көбіне полигондардағы меншік иелерінің салғырттығы себеп болады. Олар экологиялық іс-шараларды толығымен орындамайды.

«2019 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша қалалар мен аудандардағы 294 қоқыс полигонының тек 109-ы ғана санитарлық норма талаптарына сәйкес келді. Бұл ретте санитарлық нормаларға сәйкес келмейтін 185 қоқыс полигонының 132-сі - жеке меншікте, 53-і - коммуналдық меншікте. Тағы бір айта кетерлігі, аймақта қатты тұрмыстық қалдықтарды сақтау және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын жоқ. Қалдықтар қала сыртындағы полигондарға жөнелтіледі.

«Жыл сайын рұқсат етілмеген жерлерге қоқыс тастау фактілері кездесіп отырады. Экологиялық департамент Қостанай облысы аумағында виртуалды геопортал ашты. Сол арқылы рұқсат етілмеген жерлерге қалдық тастағандарды анықтауға болады. Геопортал веб-сервистердің көмегімен географиялық ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді», - деді А.Есенбаев.

Облыста қоқыс шығаратын полигондарды қысқарту жұмыстары осы жылдың соңына дейін жүргізіледі.

Жоғары қарай