Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 327.11
EUR 386.74
RUB 5.34
CNY 51.37

Қостанайда ескірген техниканың салдарынан 3 млн тоннаға жуық астық басылмай қалды

2017 жылдың 12 қараша 2017 03:00 1070

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің бірінші вице-министрі Қайрат Айтуғанов Қостанай облысында өткізген селекторлық жиында осындай мәліметтерді келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, елімізде осыншалықты астық жоғалтудың себебі - ауыл шаруашылығы техникаларының ескіруіне байланысты болып отыр.

«Бүгінде тракторлардың 65%-і жəне комбайндардың 46%-і 17 жыл бойы қолданыста. Бұлар əбден ескірген. Қостанай облысында 11 712 трактор 17 жыл қолданылған. Оның 5 мыңы есептен шығаруға дайын. Қалған техникалар қолдануға мүлдем жарамсыз. Қазіргі жағдай осы. Ескі техника жағармайды көп жұмсайды, бұл тікелей экономикалық шығын. Сондай-ақ, əрдайым қосалқы бөлшектерді ауыстыруға тура келіп жатады»,- деді Айтуғанов.

Міне, осы себепті диқандар астықты уақытылы жиып ала алмады. Мəселен, Қостанайда ескі техникалардың салдарынан 817 мың тонна бастырылған жоқ.

Жалпы, биыл Қостанайда 5 млн 200 тонн астық алынды. Егер техникалар дұрыс болғанда, тағы бір миллионға жуық бидай қамбаға түсер ме еді деген ой мазалайды шаруаларды.

 

 

Жоғары қарай