Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 379.86
EUR 422.97
RUB 5.85
CNY 56.33

Қостанайда екі адам ыстан уланды

2019 жылдың 26 наурыз 2019 17:12 441

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай ауданында екі адамға ыс тиіп, ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Қостанай ауданының Майалап ауылында болған.

«Жеке тұрғын үйде қатты отынмен пешті дұрыс қолданбау салдарынан екі ер адам уланды. Олар бірден ауруханаға жеткізілді», - деді облыстық ТЖД баспасөз хатшысы Уәлихан Досанов.

Ведомство өкілдері жылыту пештері мен электр жабдықтары талапқа сай болуы тиіс екенін деп атап өтті.

«Жылыту пештерінің алдында қаңылтыр парақшалар болуы керек. Үй-жайларды жылыту үшін электр жылыту құралдары пайдаланылады. Соның ішінде қолдан жасалған пештер үнемі қауіпсіз емес. Сымдардың оқшауламасы  тұтануы әбден мүмкін. Сондықтан электр жылытқышты пайдалану кезінде барынша сақ болу керек. Арнайы зауыттардан шыққан пештерді қолдану ұсынылады. Үйден шығар кезде оларды сөндіріп отырған дұрыс»,- деп ескертеді мамандар.

 

 

Жоғары қарай