Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Қостанайда автокөлік құрастыру көлемі артады

2020 жылдың 26 қаңтар 2020 22:41

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында автомобиль өндірісінің көлемі артады. Бұл туралы облыс әкімі Архимед Мұхамбетов instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін Архимед Мұхамбетов «Аллюр компаниялар тобы» АҚ мен Өзбекстан Республикасындағы машина жасау көшбасшысы – «Узавтосаноат» АҚ басшылығымен келіссөздер жүргізді. Айта кетейік, «Узавтосаноат» АҚ — Chevrolet және Ravon маркалы автомобиль шығаратын өзбек холдингтік компаниясы.

«Келіссөздер барысында автомобиль құрастыру саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. «Аллюр компаниялар тобының» құрамына кіретін «СарыарқаАвтопром» ЖШС алаңында Қазақстанда үлкен танымалға ие Ravon маркалы автомобильдер өндіріледі. 2019 жылы осы маркалы 5,4 мың автомобиль шығарылды.

Келіссөздер қорытындысы бойынша ағымдағы жылы Ravon автомобильдері өндірісінің айналымын 90 млрд теңге көлемінде 3 және одан да көп есе кеңейтуді жоспарлап отырмыз», - деп жазды өңір басшысы.

Архимед Мұхамбетов қос ел өкілдерінің кездесуі автомобиль жасауды дамыту мен әріптестік қатынасты нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.


Жоғары қарай