Ауа райы
Нұр-Сұлтан 9 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.87
EUR 422.40
RUB 5.87
CNY 54.85

Қостанайда автобус мектептің қоршауына соғылды

2019 жылдың 22 қаңтар 2019 14:15 720

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайда автобус мектеп қоршауын соғып кетті. Жол-көлік оқиғасына Қостанай қаласының 39 жастағы тұрғыны кінәлі болып шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қостанай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Көлік апатының себептерін анықтау барысында автобустың 54 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы жолағында келе жатқан «Хюндай Акцент» көлігімен соқтығысып қалмау үшін солға қарай бұрылып, № 23 мектептің қоршауына соғылғандығы мәлім болды. Ал «Хюндай Акцент» көлігінің 39 жастағы жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 610-бабы бойынша (Көлік жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу) әкімшілік материал жиналды», деп түсіндірді полиция департаментінен.

Келтірілген шығын көлемі анықталып жатыр, ал жол апатына кінәлі азамат 20 АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе көлікті алты айға дейін жүргізу құқығынан айырылады.

Еске сала кетейік, 21 қаңтар күні Маяковский көшесінде автобустың қатысуымен жол-көлік апаты орын алған.

Жанна Мұсабаева

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Қостанай облысы, Көлік,
Жоғары қарай