Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Қостанайда 1 млн гектардан астам алқаптан астық жиналды

2019 жылдың 7 қыркүйек 2019 12:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі таңда қостанайлық диқаншылар 1 млн 300 мың гектар жердің бидайын жинап үлгірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өңірде егіс науқаны басталып кетті. Биыл жазда қуаңшылық болып, жауын-шашын аз түсті. Сол себептен былтырға қарағанда бидай шығындылығы аздау. Соған қарамастан диқаншылар өз өнімдерін салқын түсем дегенше жинап алуды көздеп отыр. Бүгінгі таңда 1 млн 300 мың гектар жердің бидайы орылып, қамбаға құйылды», - деді Қостанай облысы ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.

Оның айтуынша, шамамен 15-20 күннің ішінде қостанайлық диқандар өз өнімдерін толық жинап болады.

«Былтыр 3 млн тоннанадан астам астық жинадық. Яғни 1 гектардан 11 центнерден өнім алдық. Бұған дейін айтып өткенімдей биыл жауын-шашынның аз болуы өз әсерін тигізді. Дегенмен білгіленген жоспарды орындаймыз деп ойлаймын. Одан бөлек, біздің алдымызда экспорт көлемін арттыру тапсырмасы тұр. Біз жыл сайын Орталық Азия елдері және Иран, Ауғанстанға ұн және ұн өнімдерін экспорттаймыз», - дейді ол.

Айта кетсек, елордада Қостанай облысының ауыл шаруашылығы өнімдері жәрмеңкесі өтіп жатыр.



Жоғары қарай