Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Қостанай соты кісі өлтірген 94 жастағы ардагерге үкім шығарды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 15:23

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Бүгін Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты ҰОС ардагері, 94 жастағы Иван Сурковқа үкім кесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

2019 жылдың 15 ақпанында Қостанай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 93 жасар И.В. Сурковқа ҚР ҚК-нің 99 бабы 1 бөлігі бойынша тұрғылықты мекен-жайы бойынша пробациялық бақылау орнатумен 7 жылға бостандығынан шектеу жазасы тағайындалған еді. Сондай-ақ, ол психиатр дәрігерде мәжбүрлі түрде ем алуға жіберілді.

Іс деректерінде көрсетілгендей, қайғылы оқиға 2018 жылы 21 тамызда болған. И.Сурков өзінің балдызы, 80 жастағы Николай Давыдовқа гантельмен және пышақпен соққы жасаған. Жәбірленуші сол жерде тіл тартпай кетті. Сотта айтылғандай, ардагер соғыс жылдарында үш рет басынан зақым алған. 2016 жылы оның үйіне қарақшылық шабуыл жасалған. Осы деректердің бәрі, сот мәліметінше, айыпталушының психикасына кері әсерін тигізген.

«Сотталған зейнеткерден жәбірленуші пайдасына 3 млн теңге көлемінде материалдық шығын және моральдық өтемақы өтелді. Жәбірленуші Н. Давыдовтың қызы үкіммен келіспей, Қостанай облыстық сотына апелляциялық шағыммен жүгінді. Ол өзінің дәлелдемелерінде сотталушы ардагердің қатыгездікпен адам өлтіргенін және психикалық ауру күйінде жасағанын көрсеткен», - делінген облыстық соттың баспасөз хабарламасында.

Қостанай облыстық соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен ҚР ҚПК-нің 433-бабы, 5-бөлігі негізінде тағайындалған жаза бөлігі өзгертілді. Сот алқасы жазаны жеңілдету мән-жайларды, сотталғанның жасы және оның қоғамға қауіп төндіру деңгейінің төмендігін ескеріп, жазасын максималды қауіпсіздік жүйесіндегі қылмыстық-атқару мекемесінде өтейді деп шешті. Ардагер ең төменгі жаза - 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Жоғары қарай