Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Қостанай облысындағы моноқалаларға 10 млрд теңге бөлінеді

2019 жылдың 6 наурыз 2019 12:21

АСТАНА. ҚазАқпарат - Аймақтар «Nur Otan» партиясының XVIII съезінде айтылған Елбасы тапсырмаларын орындауға кірісіп кетті. Партияның Қостанай облыстық филиалы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысында Арқалық, Лисаков, Рудный және Жітіқара қалалары Ұлттық экономика министрлігі тарапынан қаржыландырылатыны айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Сонымен, ағымдағы жылы Лисаков пен Рудныйдағы​ жылу және магистраль торабын қайта құруға 500 млн теңге бөлінеді.

«Жыл сайын моноқалаларға бөлінетін 10 млрд теңге - бұл барынша қомақты сома. Тек бұл ақшаның қаншалықты тиімді жұмсалатыны және оның жаңа кәсіпорындар құрылысы, жаңа жұмыс орындарын ашу, бизнес-жобаларды қаржыландыру арқылы халыққа дейін нақты жетуі биліктің жергілікті атқарушы органдарына ғана байланысты болады», - деп атап өтті ​«Nur Otan» партиясы Қостанай облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі Гүлмира Қапенова.

Қоғамдық кеңес мүшелері сондай-ақ, мемлекет көрсетіп отырған әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар туралы сөз қозғады.

Партиялықтар әлеуметтік көмек көрсету бойынша критерийлердің өзгеруіне байланысты, бір ғана Қостанай облысының өзінде әлеуметтік көмекке 20​ 000-нан астам адам қол жеткізетіндігін алға тартты. Орта есеппен аймақта айына бір балаға көмек мөлшері ​ ​ 4 706 теңгеден ​ ​ 20 789 теңгеге дейін немесе 4,4 есеге дейін ұлғаяды. Одан басқа, денсаулық сақтау саласында айтарлықтай ілгерілеулер де жоспарланып отыр. 15 мыңнан астам медицина саласының қызметкерлерінің жалақылары артатын болады. ​

«Облыста 2022 жылға дейін емханаларды қаржыландыруды 12,7 млрд теңгеден 25 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарланып отыр. Бұл медициналық көмек көрсету сапасын арттырып, күндізгі стационарлар мен диагностикалау жұмысын жақсарта түседі», ​ - деді Қостанай облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы ​​Вячеслав Дудник.

Жалпы, «Nur Otan» партиясының XVIII съезі қойылған мәселелердің өзгешелігі және ауқымы бойынша тарихи сипатқа ие болды.

Жоғары қарай