Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 385.55
EUR 426.57
RUB 6.05
CNY 54.77

Қостанай облысында нан бағасын тұрақтандыруға қосымша қаржы бөлінді

2019 жылдың 19 қараша 2019 11:03

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында бірінші сұрыпты ұнның наны 85 теңгеден асырылмайды. Бұл туралы бүгін аппарат мәжілісінде облыс әкімі Архимед Мұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өткен жаздың қолайсыз ауа райы облыстағы астық өндіру көлеміне айтарлықтай әсерін тигізген. Оның үстіне, бидай бағасы Ресей Федерациясында 15 пайызға дейін төмендеп кеткен. Нәтижесінде, тоннасына 60 мың теңгеден сатылып келген ұн бағасы бірден 30 мың теңгеге дейін өсті. Сол себепті, өңір әкімі әлеуметтік нан бағасын өсірмеу үшін қосымша қаржы бөлуді тапсырды.

«Биыл астық түсімі төмен болғанын жақсы білесіздер. Соған байланысты аймақта азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қоры құрылды. Оған 882 млн теңге жұмсалды. Біз наубайханаларға бөлетін ұнды қолжетімді бағамен жинау үшін тағы 300 миллион теңге бөлдік. Бұл келер жылы қажетті өнім бағасының өсуіне жол бермеуге мүмкіндік береді. Яғни, нан бағасы 85 теңгеден аспайтын болады. Аудан-қала әкімдері осы мәселе айрықша назар салуы қажет», - деді Архимед Мұхамбетов.

Еске салсақ, күні кеше облыс әкімінің қатысуымен ауыл шаруашылығы қызметкерлері күні аталып өткен болатын. Жиында облыс бойынша 4,7 миллион гектар алқапқа дән егілгені айтылды.

Жоғары қарай