Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Қостанай облысында құс фабрикасы өртенді

2018 жылдың 21 қараша 2018 11:36 287

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - «Агроинтерқұс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құс базасында өрт шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Қостанай облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт Арқалық қаласынан 10 шақырым жердегі Айдар ауылында болған.

«Агроинтерқұс» ЖШС аумағында жеке тұрған құс базасы өртенді. «Bigdocman», «Salmac» маркалы арнаулы қондырғының транспортер таспалары жанған. 290 шаршы метрді (ғимараттың ауданы -1404 ш.м.) шарпыған. Сондай-ақ газ баллоны жарылып, соның дүмпуімен база қабырғасының шамамен 15 шаршы метр келетін артқы бөлігі опырылып түскен», - деп мәлімдеді ТЖД өкілдері.

Ведомствоның хабарлауынша, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, Өрт тұтанған кезде базада құстар болмаған. Өрт жөніндегі материал Арқалық қаласының полиция басқармасына берілді.

Материалдық залалдың көлемі әзірге белгісіз, тексеріс жүріп жатыр.

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Қостанай облысы,
Жоғары қарай