Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қостанай облысында ескі ғимарат өртеніп, екі адам көз жұмды

2019 жылдың 24 қазан 2019 17:57

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында ескі ғимарат өртеніп, екі ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға бүгін түнгі сағат 03:20 шамасында Жітіқара қаласында болды. Алдын ала болжам бойынша, бес қабатты ескі ғимарат ішінде қоқыс тұтанған.

«Өрт орнында екі ер адамның мүрдесі табылды. Олар туралы мәліметтер іздестіріліп жатыр. Өрт кезінде 1970 жылы туған ер адам құтқарылды. Оған «бас жарақаты және денесінің көгеруі диагноздары қойылды», - делінген ведомствоның ақпаратында.

Оттың тұтануының және кісі өлімінің себептері анықталуда.

Жоғары қарай