Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қостанай облысында ер адам танысын пышақтап өлтірді

2019 жылдың 2 тамыз 2019 22:28 211

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат –Қостанай облысының Сарыкөл ауданында күдікті екі адамға пышақ салды. Бірі оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Қазақпарат.

Ақпаратты облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады. 61 жастағы Сарыкөл ауданының тұрғыны 49 жастағы танысына пышақ салған.

«Ауыр дене жарақатынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды. Бұдан соң күдікті 1950 жылы туған тағы бір ер адамды пышақпен ұрған. Салдарынан ол аудандық ауруханаға түсті»,- деді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Ирина Беженарь.

Полицейлер осы дерек бойынша тергеу шараларын бастады. Күдікті қамауға алынды.

Жоғары қарай