Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қостанай облысында егістің 613 мың гектары күйіп кетті

2019 жылдың 2 тамыз 2019 21:12 167

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Биылғы құрғақшылық қостанайлық шаруаларды да тығырыққа тіреп отыр. Ала жаздай жауын-шашынның болмауынан облыстағы егістің 613 мың гектары күйіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Бұл – барлық алқаптар үлесінің 15 проценті. Аймақта 18 күн бойы ауа температурасы +35 градустан төмендеген жоқ. Әсіресе, оңтүстік өңірлердегі танаптардың жағдайы қиын. Қуаңшылықтың зардабын Жітіқара, Қамысты, Денисов аудандарының егінжайлары айтарлықтай сезінді. Тағы 45 процентінің күйі қанағаттанарлық деп бағаланып отыр. Мамандар егер жақын арада жауын жауса, екі миллион гектар жердегі бидайды құтқаруға болатынын айтуда.

«Тамыздың 5-і мен 10-ы аралығында жаңбыр жауса, жағдай біршама түзелер еді. Егер құрғақшылық әрі қарай осылай белең алса, онда шығын көлемі ұлғая түспек. Жалпы былтырға қарағанда биыл мол өнімге кепіл жоқ», - облыстық Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Жансұлтан Таукенов.


Жоғары қарай