Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Қостанай облысында балық аулауға тыйым салынды

2019 жылдың 18 қазан 2019 10:02

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында барлық өзен-көлдерде балық аулауға уақытша тыйым салынды. Қостанай облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы рейд шараларын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімі басшысы Таңат Смайыловтың айтуынша, бұл шара өңірдегі балық қорларын толықтыру үшін жасалып отыр. Өйткені, суық суларда тіршілік ететін балықтар күзде уылдырық шашып, көбейетін кезі. Сол себепті табиғи түрдегі өсімін қалпына келтіру маңызды.

«Осыған орай облыста «Уылдырық шашу-2019» дәстүрлі науқаны жүзеге асырылуда.Облыста 20 қазаннан бастап, қараша айының соңына дейін саны аз балықтарды аулауға тыйым салынады. Мәселен, ақсақа (сиг) тұқымды балықтар сирек кездеседі және облыстың әр ауданында тіршілік етеді. Сонымен қатар кәсіпшілік мақсатта да қармақ салуға болмайды. Ал Қаратомар су қоймасы және Халвай ауылынан Аят шахтасының бөгетіне дейінгі аралықтарда балық аулау құралдарын пайдалануға жыл соңына дейін рұқсат етілмейді. Тұрғындарға осыны ескертеміз. Бүгінге дейін 200-ге жуық заң бұзушылық анықталып, браконьерлерге айыппұл салынды», - дейді Таңат Смайылов.

Осы күні облыста 805 су айдыны бар. Олардың 221-і балық шаруашылығына негізделген. Аталмыш өзендердің барлығында балық түрлерін көбейту мақсатында жұмыстар басталды.

Жоғары қарай