Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Қостанай облысында автобус пен көлік соқтығысып, бір адам көз жұмды

2019 жылдың 28 қыркүйек 2019 20:14

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға кеше 18:20-да «Қостанай - Әулиекөл - Сұрған» тасжолында болған.

«Volkswagen Polo» автокөлігінің 48 жастағы жүргізушісі қарсы бағытта келе жатқан «ПАЗ» автобусымен соқтығысқан. Апат салдарынан «Volkswagen Polo» жүргізушісі әртүрлі жарақатпен аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді. Автокөлік жолаушысы ауыр дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды» делінген ведомствоның ақпаратында.

Осы дерек бойынша тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр.

Жоғары қарай