Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 377.11
EUR 424.21
RUB 5.91
CNY 56.19

Қостанай облысында аналогтық хабар тарату тоқтатылады

2019 жылдың 26 наурыз 2019 17:00 471

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанай облысы цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осы жазда Қостанай өңірі аналогтық теледидардан толығымен ажыратылады. Бұл туралы Қостанай облыстық телерадио хабарларын тарату дирекциясының Бас инженері Анатолий Тютюнник хабарлады.

«2019 жылы Алматы, Павлодар және Қостанай облысы цифрлық эфирлік хабар таратуға толық өтеді деп жоспарланып отыр. Ал, 2020 жылдың соңына дейін Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Атырау, Қызылорда облысында аналогты хабар тарату тоқтатылады. Енді шалғай ауылдардың тұрғындары теледидарды ең жоғары сапада тегін көре алады. Соған байланысты халық арасында ақпарат-насихаттық жұмыстар жүргізу қажет. Қостанай облысында аналогты телехабар таратуды ажырату және цифрлық хабарды сәтті қосу мақсатында 59 радио-телевизиялық станса салынды. Бұл облыс тұрғындарының 98%-ін цифрлық телерадио хабарларын таратумен қамтуға мүмкіндік береді», - деді Анатолий Тютюнник.

Оның айтуынша, Қостанай облысында 627 елді мекен бар. Барлығы 49 ауылға техникалық мүмкіндіктерге байланысты сапалы хабар таратылмайды. Олар арнайы сигнал қабылдау аймағына кірмейді.

«Осылайша, 2 мыңға жуық үй шаруашылығының сандық эфирлік телехабар тарату жүйесіне қосылу мүмкіндігі жоқ. Дегенмен олар OTAU TV ұлттық операторының жерсеріктік теледидарына қосыла алады. Қазір облыста мұндай 50 мың абонент бар», - дейді ол.

Бүгінде облыстық және аудандық әкімдіктер атаулы әлеуметтік көмек алатын барлық отбасыларды сапалы хабар тарату жүйесімен қамтамасыз ету үшін қажетті шаралар қабылдауда. Өңірімізде 687 аз қамтылған немесе көпбалалы отбасыға сандық хабар тарату ресивері тегін беріледі.

 

 

Жоғары қарай