Ауа райы
Астана 33 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 414.46
EUR 451.35
RUB 5.77
CNY 58.12

Қостанай облысында 8 пойыз бағыты тоқтатылды

2020 жылдың 1 сәуір 2020 14:40

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – 2020 жылдың 1 сәуіріне дейін облыс бойынша 8 пойыз бағыты тоқтатылды. Бұл туралы облыстық ішкі саясат басқармасы ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгіннен бастап Нұр-Сұлтан-Челябі; Нұр – Сұлтан-Атырау (Тобыл станциясы арқылы); Нұр-Сұлтан-Атырау; Нұр – Сұлтан-Орал (Тобыл станциясы арқылы); Нұр-Сұлтан-Орал; Барановичи – Қарағанды; Арқалық-Нұр-Сұлтан; Орал – Алматы-2 бағыттары бойынша пойыз қатынасы уақытша тоқтатылды. Ал Қостанай – Алматы пойызы Отар станциясына дейін қысқартылды. Пойыз Нұр-сұлтан қаласы аялдамасына дейін бармайды. Қостанай – Қарағанды бағыты бойынша соңғы рейс 2020 жылдың 1 сәуірі күні жүргізіледі. Қостанай – Арқалық жолаушылар рейсі 2020 жылдың 2 сәуірі күні Арқалық қаласынан жүреді. Маңғышлақ-Нұр-Сұлтан бағыты Атбасар станциясына дейін қысқартылды», - делінген басқарма ақпаратында.

6 сәуірде өңірде жолаушылар пойыздары толық тоқтатылады. Оның ішінде Қостанай қаласы маңындағы бағыттар да бар. Олар: Новоишимская – Қостанай, Арқалық – Шұбаркөл, Қостанай – Кайрақ, Қостанай – Жітіқара, Тобыл – Әйтеке Би, Әйтеке-Би-Тобыл, Құсмұрын – Есіл, Құсмұрын – Тобыл, Тобыл – Елімай.

Алдын ала билет сатып алғандар үшін қаражат қайтарылмақ. Ол үшін жергілікті теміржол вокзалдарының кассаларына жүгіну қажет.


Жоғары қарай