Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Қостанай облысында 330 мың адам мемлекеттен жәрдемақы алады

2020 жылдың 1 сәуір 2020 21:36

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысында 330 мың адам мемлекет жәрдемақысына ие болады. Бұл туралы Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов қала және аудан әкімдерімен өткен селекторлық кеңес барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс басшысы қазіргі уақытта тұрғындар мен бизнесті қолдау жөнінде кешенді шаралар жүргізілетінін айтты.

«Біз дағдарысқа қарсы шаралардың бірінші пакетін іске асыруға кірісіп кеттік. Енді ел Президентінің кешегі мәлімдемесінде белгіленген халық пен бизнесті қолдау жөніндегі тапсырмаларын орындаймыз. Мемлекет басшысы зейнетақы мен мемлекеттік жәрдемақыны, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмекті 10%-ке индекстеуді тапсырды. Республика бойынша азаматтардың тиісті санаттарының кірістеріне 200 млрд. теңге бөлінеді. Нәтижесінде облыста жәрдемақы алушылар саны 330 мыңнан асты, оның ішінде 136 мыңнан астамы – зейнеткер, АӘК алушылар – 16 мыңға жуық адам», – деді облыс әкімі», – деді Архимед Мұхамбетов.

Облыс әкімі бір реттік ең төменгі жалақы көлемінде әлеуметтік төлем алу үшін өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мәртебесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігін атап өтті.

«Бұл үшін жергілікті атқарушы билік аталған санаттағы азаматтардың мәртебесін қалыптастырады. Біздің облыста мұндай санаттағы адамдар шамамен 18 мың адамға жетеді. Осыдан кейін ғана төтенше жағдай кезінде олар мемлекеттен ай сайын әлеуметтік төлемдер ала бастайды. Бейресми табыстарды жасыру фактілеріне ерекше назар аударып, қалалар мен аудандар әкімдері әлеуметтік төлемді беруде мұқият босын. Халықтың мұқтаж санаттарын барынша қамтамасыз етуді тапсырамын», - деп атап өтті аймақ әкімі.

Қазірдің өзінде өңірде 723 адам жәрдемақы алуға өтініш берді. Сондай-ақ тегін азық-түлік жиынтығын алатын азаматтар санаттарының тізбесі кеңейтілетін болады.


Жоғары қарай