Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Қостанай облысында 143 жеке үйдің құрылысы аяқталды

2020 жылдың 17 ақпан 2020 15:23

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай облысы әкімі Архимед Мұхамбетов халыққа есеп беру жиыны барысында аймақтағы тұрғын үй құрылысы туралы баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аймақ басшысының айтуынша, 2019 жылы өңірде жалпы 335,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Биыл осы салада өсім 10 пайызға ұлғайады.

«Былтыр жалға берілетін 5 тұрғын үй пайдалануға берілді, олардың екеуі Қостанай қаласындағы «Юбилейный» шағын ауданында және Қобыланды батыр көшесі бойында орналасқан. Амангелді ауданында, Арқалық және Рудный қалаларында да жас мамандарға арналған тұрғын үй салынды. Биыл «Юбилейный» шағын ауданында 4 жалға берілетін үйдің құрылысы жалғасады. Қостанай ауданы Заречный ауылының «Северный» шағын ауданында жалпы ауданы 15,9 мың шаршы метр 143 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды», – деді облыс әкімі.








Сонымен қатар Қонай шағын ауданында 5 қабатты 30 үйдің құрылысы басталады. Жеке үйдің құрылысына 2 мыңнан астам жер учаскесі беріледі. 2019 жылы көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға 422 пәтер берілді.

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік бойынша Арқалық қаласында 112 пәтерлік тұрғын үйді қайта жаңғырту жөнінде 1 жоба іске асырылды. «Нұрлы жер» бағдарламасын іске асыру арқылы 618 жас отбасы өз пәтеріне қоныстануға мүмкіндік берілді. Олардың ішінде 65 педагог, 146 дәрігер бар», – деп толықтырды А.Мұхамбетов.





Жоғары қарай