Ауа райы
Астана 14 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Қостанай облысы әкімдігінің басқарма басшысы тергеуге алынды

2020 жылдың 28 ақпан 2020 12:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қостанай облысы әкімдігінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің тергеушісі Қайсар Баржақсынов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қостанай облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Қостанай облысы әкімдігінің басқарма басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Ол мақсаты бойынша пайдаланылмаған жер учаскесін мемлекеттік қорға мәжбүрлеп алып қою рәсімін заңсыз тоқтата отырып, лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігіне ілікті», - деді агенттік тергеушісі.

Сонымен қатар Қайсар Баржақсынов сот санкциясымен күдікті лауазымдық өкілеттігін орындаудан уақытша шеттетілгендігін айтты.


Жоғары қарай