Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қостанай облыстық спартакиадасына 27 мың адам қатысты

2018 жылдың 19 тамыз 2018 19:26

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Лисаков қаласында өткен «Тың Целина-2018» 33-ші облыстық спартакиадасына биыл 27 мыңнан астам адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қала тұрғындары мен қонақтарын Қостанай облысы әкімінің атынан оның бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов құттықтады. Оның айтуынша, спартакиада - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бұқаралық спортты дамыту жөніндегі тапсырмасының орындалуын айғақтайтын жарқын үлгі.

«Облыста бұқаралық спортпен 260 мың адам қамтылған, бұл - Қостанай өңірі халқының 29 пайызы. Егер өткен жылы спартакиада қатысушыларының саны 26 мың болса, биыл бұл іс-шараға ауыл, аудан және қалалардан 27 мың атлет бақ сынады. Спартакиада бұқаралық спортты дамытуға ынталандырады»,-деп атап өтті обылс әкімінің бірінші орынбасары.





Мәселен, өткен жылы Қостанайдағы «Орталық» стадионы реконструкцияланып, орындар саны 5800-ден 10 мыңға дейін көбейді. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде Қостанайда 1000 орындық спорт кешенінің құрылысы аяқталды. Одан бөлек, УЕФА стандарттарына сай келетін 3000 орынға арналған футбол манежі салынып жатыр. Сонымен қатар, 50 метрлік бассейннің құрылысы басталды. 2500 адамға арналған мұз жабыны бар мұз сарайын тұрғызу жөнінде келісім жасалған.

«Бұл іс-шаралардың барлығы спортпен айналысатын халық санын 3 мың адамға арттыруға мүмкіндік береді. Аудандар да қалыспайды. Қостанай ауданындағы «Затобол» стадионы жөндеуден өтеді. Арқалықта тартылған инвестициялар арқасында «Жігер» стадионы күрделі жөндеуден өтті. Өздеріңіз көріп отырсыздар, Лисаковтағы 2000 орынға арналған стадион да жаңартылды»,-деді Ғауез Нұрмұхамбетов.





Спартакиадада баскетбол, волейбол, футбол, еркін күрес, әйелдер күресі, дзюдо, қазақ күресі, жеңіл атлетика, тоғызқұмалақ, гір көтеру, шахмат және басқа да спорт түрлерінен жарыстар өтті. Жарыс нәтижесінде командалық есепте бірінші орынды Қостанай қаласы иемденсе, екінші орынды - Рудный жеңіп алды. Үшінші орын Лисаков қаласына бұйырды.













Басты сөздер: Қостанай облысы, Спорт,
Жоғары қарай