Ауа райы
Астана 32 °С
Алматы 31 °С
валюта бағамы
USD 411.54
EUR 458.13
RUB 5.84
CNY 57.64

Қостанай мен Қызылордада ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 3 сәуір 2020 16:26

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қостанай мен Қызылорда облыстарында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

4 сәуірде Қостанай облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Күндіз шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Сол күні Қостанай қаласында шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

4 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, тұман күтіледі. Күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетуі мүмкін.


Жоғары қарай