Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.75
EUR 434.26
RUB 6.12
CNY 55.05

Қостанай қаласының экс-әкімі жаңа қызметке тағайындалды

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 10:33

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Базыл Жақыпов «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасы болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бүгін облыс әкімі Архимед Мұхамбетов облыс активіне «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының басқарма төрағасын таныстырды. Бұл қызметке Қостанай қаласының бұрынғы әкімі Базыл Шамұханұлы Жақыпов келді.

«Базыл Жақыповтың тәжірибесі мол. Өңірдегі кәсіпкерлік саласын дамытуға үлес қосады деп сенемін. «Тобыл» ӘКК АҚ Директорлар кеңесі Базыл Шамұханұлының кандидатурасын қолдады», - деді Архимед Мұхамбетов.

Базыл Жақыпов Целиноград ауылшаруашылық институтын агроном, Алматы экономика және статистика академиясын қаржы мамандығы бойынша бітірді.

2004 жылы мемлекеттік қызметке кірді. 2008 - 2019 жылдар аралығында Қостанай қаласы әкімінің орынбасары, Қостанай облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары, Қостанай қаласының әкімі қызметтерін атқарды.


Жоғары қарай