Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Қостанай қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді

2019 жылдың 31 қазан 2019 16:31

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің қатысуымен облыстық мәслихат депутаттарының кезектен тыс сессиясы өтті. Жиын барысында Қостанай қаласының 2050 жылға дейінгі даму стратегиясы бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыс орталығының ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайтын серпінді стратегияны «Экономикалық зерттеу институты» АҚ жасаған. Жаңа жобаны депутаттарға осы институтқа қарасты Өңірлерді зерттеу орталығының директоры Қайсар Нығметов таныстырды. Орталық мамандары алдымен Қостанай қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдап, сараптама жүргізген. Оның қорытындысы бойынша, соңғы 10 жыл ішінде Қостанай тұрғындарының саны 28 мың адамға өскен. Қалада өндірілетін өнеркәсіп өнімдері 4 есе артса, негізгі капиталға келіп түскен инвестиция көлемі 2 жарым есе ұлғайып, былтыр 59 млрд теңгеден асқан.

Жиынды облыс әкімі қорытындылап, Қостанай қаласының жаңа даму стратегиясының аса маңызды құжат екендігіне тоқталып, даму стратегиясын бекітті.

«Бұл жоба «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының фракция отырысында да талқыланған. Мен өзім есеп бердім. Сол есебімде өңірді дамытудың барлық бағыттары бойынша мәлімет жеткізгенмін. Облыс орталығы күн санап дамып келеді. Жаңа шағын аудандар, жаңа кәсіпорындар ашылып жатыр. Өндіріс саласы да ілгеріледі. Мұнымен тоқтап қалмау қажет. Алдағы жоспар бұдан да ауқымды. Бүгінгі бекітілген даму стратегиясы бізге жаңа міндеттер жүктейді», - деді Архимед Мұхамбетов.

Мәслихат депутаттарды қаланың даму стратегиясын бірауыздан қолдады.

Жоғары қарай