Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Көшедегі LED-дисплей Алматы жүргізушілеріне кедергі жасап отыр

2019 жылдың 2 тамыз 2019 16:35 158

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы билігі жол апатына әкеп соқтыруы ықтимал көше экрандарын азайтуды қолға алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Атап айтқанда, Open Almaty қоғамдық қабылдауына жүргізушілерден көп шағым түскен. Қаладағы 18 LED-дисплей жүргізушілердің көзін қарықтырып, жол жүруіне кедергі келтіретін болып шықты.





«Vision Zero Almaty жол қауіпсіздігі концепциясының аясында Алматы көлік холдингі 10 дисплейді өздері өшірді. Бұл жұмыстар түнде жүргізіліп жатыр. Себебі, экрандарды өшіру үшін күндіз жолдарды жабуға тура келеді. LED-экрандағы суреттер жүргізушілердің назарын аударады. Сонымен қатар, кейбір конструкциялардың орналасу биіктігі жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сай келмейді», - деді әкімдіктің баспасөз қызметінен.



Жоғары қарай