Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 378.56
EUR 424.44
RUB 5.91
CNY 56.36

Көше алаяқтары қалай әрекет етеді

2019 жылдың 25 наурыз 2019 05:40 736

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық полиция департаменті көше алаяқтары қалай әрекет ететінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Көше алаяқтары бүгінде заманға әбден бейімделген. Олардың басты айырмашылығы - күшпен емес, психологиялық әсер ету арқылы ақша табатыны. Олар өздеріне алданатын адамдарды қаптаған жұрттың арасынан оңай табады. Олардың басты міндеті - адамды бекітіп алу. Бұл үшін көше алаяқтары жиі «түзету қағидаты» деп аталатын әдісті пайдаланады: гипноз, сөйлеу қарқыны, бет-әлпеті, ымдауды көшірмелейді», - дейді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Көшедегі алаяқтарға әдетте, жасы келген қартаң кісілер жиі алданады. Алаяқтар көбінесе өз құрбандарын дүкенде, базарда, банктерде, қолма-қол ақша алған клиенттердің арасынан іздейді.

Оларға алданбас үшін не істеу керек?

- сізге кез келген өнімді немесе мүлікті өткізуге тырысқан бөтен адамдарға сенім артуға болмайды

- алаяқтар әңгіме айтқанда, өзінің басынан өткендей етіп майын тамызып айтады, сөйтіп адамдардың аянышын туғызады

- мемлекеттік органдардың (әкімдіктер, медициналық мекемелер) қызметкері болып танысып, жәбірленушілердің пәтеріне кіруге тырысады. Көбінесе олар жасы үлкен кісілерді, кәмелетке толмағандар балаларды алдайды

- көріпкелдерге сенбеңіздер (негізінен сыған азаматтарына).

 

 

Жоғары қарай