Ауа райы
Астана -24 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 387.16
EUR 428.47
RUB 6.08
CNY 55.13

Қоршаған ортаның ластануы иммунитетті әлсіретеді – зерттеу

2019 жылдың 19 қазан 2019 02:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Өндірістік ластану ағзаның инфекцияға, әсіресе, тұмауға төтеп беру мүмкіндігін нашарлатады. Бұл ұрпақтан-ұрпаққа берілуі мүмкін, деп жазады IScience журналы.

Рочестер университетінің Медициналық орталығының зерттеушілер тобы қоршаған ортаның ластануы иммунды жүйеге қалай әсер ететінін анықтады. Зерттеу нәтижесінде ауаның ластануы инфекцияларға төтеп беру қабілетін әлсірететіні белгілі болды.

«Генетикалық өзгеріс болмағанымен, ген экспрессиясының клеткалық механизмі өзгереді. Яғни, бұл дефект бірнеше ұрпаққа берілуі мүмкін», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, тұмауға қарсы вакцинация адамдарға әртүрлі әсер етуінің себебінің бірі осында болуы мүмкін.

Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем,
Жоғары қарай