Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Коронавируспен күрес: Петропавл қаласы 6 аумаққа бөлінді

2020 жылдың 6 сәуір 2020 20:25

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Петропавл қаласы карантин уақытына алты аумаққа бөлінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Петропавл қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл – жұқпалы індеттің таралуына тоқтау қоюға және халықтың жүріп-тұруын қадағалау үшін қабылданған уақытша шешім.




Әр аумақта ТЖ кезеңінде туындаған сұрақтар бойынша халыққа көмек беретін топтар құрылған. Олардың құрамына Петропавл қалалық полиция басқармасының, ПИК және жергілікті басқару органдарының өкілдері кірген.




Бірінші аумаққа Солнечный, Борки, Орман, Кирпичный, Юбилейный және 19-ыншы шағынаудандары кірген. Консультативтік көмек беретін топ Н.Назарбаев көшесі, 327Б мекенжайындағы Қазақ мектеп-гимназиясында орналасқан, тел.47-26-88.

Екінші аумаққа Орталық, Зайсан, Северный және 20-ыншы шағынаудандары кірген. Осы аудан тұрғындары сұрақ туындаған жағдайда Н.Назарбаев көшесі, 89 мекенжайындағы № 7 орта мектепке хабарласа алады, тел.46-68-52.




Үшінші аумаққа Жас Өркен ықшамауданы қарайды. Консультативтік көмек беретін топ Б.Петров көшесі, 44 мекенжайындағы № 40 орта мектепте орналасқан, тел.53-59-64.

Төртінші аумақ – Береке ықшамауданы. Тұрғындар қажет болған жағдайда Илья Залманов көшесі, 46/1 мекенжайында орналасқан № 25 орта мектепке хабарласа алады, тел.50-48-04.

Бесінші аумақ Жұмысшы кентін қамтиды. Консультативтік көмек беретін топ Пугачев көшесі, 129 мекенжайындағы № 31орта мектепте орналасқан, тел.31-30-36.

Алтыншы аумақ – Былғары зауыты және Заречный кенті. Аудандардың тұрғындары осындағы Рыжов, 51 мекенжайында орналасқан № 12 орта мектепке, тел. 53-89-96 және Заречная, 59 мекенжайында орналасқан № 13 орта мектепке хабарласа алады, тел.50-50-22.

Мамандардың мәліметінше, бұл аумақтардың бәрінде ауруханалар, дәріханалар, азық-түлік дүкендері мен Қазпошта бөлімшелері орналасқан. Яғни, тұрғындарға басқа аумаққа шығудың қажеті жоқ. Жүріп-тұруды шектеу шаралары халықтың денсаулығын қорғау үшін қолға алынған.











Жоғары қарай