Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

Коронавирус: Нұр-Сұлтан әуежайында 600-ге жуық жолаушы тексеріліп жатыр

2020 жылдың 22 наурыз 2020 11:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келген 600-ге жуық жолаушы оқшауланды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ТЖ режимінің енгізілуіне байланысты, Нұр-Сұлтан қаласындағы Нұрсұлтан Назарбаев атындағы әуежайға келетін барлық жолаушыларды оқшаулау туралы шешім қабылданды.

22 наурызда 6 рейс арқылы - Дубай, Токио, Минск, Мәскеу, Лондон, Ыстанбұл қалаларынан 596 жолаушы келді. Оның 577-сі немесе 97 пайызы коронавирустық инфекцияға зертханалық тексеру жүргізу үшін карантиндік стационарға жатқызылды», - деді басқарма басшысы «Хабар 24» телеарнасында өткен брифингте.

Талдау нәтижесі бойынша оларды үй карантиніне жіберу немесе инфекция анықталған жағдайда инфекциялық стационарға жатқызу туралы шешім қабылданады.

«Эпидемиологиялық жағдайы қолайсыз 1А санатындағы елдерден келген 12 жолаушы әуежайдан дереу провизорлық стационарға жіберілді. Осылайша, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындарына шет елдердерден келген жолаушылардың тексерусіз қала аумағына кірмейтінін айтқымыз келеді», - деді С. Қисықова.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасы аумағында коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 56 науқас тіркелді. Нұрсұлтан қаласында 31 адамда короновирус инфекциясы анықталды. Алматы қаласында - 22 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында 1 адам.


Жоғары қарай