Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 447.60
EUR 489.41
RUB 5.71
CNY 63.05

Коронавирус: Круиздік лайнердегі 200-ге жуық адамды елсіз аралға жіберді

2020 жылдың 27 ақпан 2020 15:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - World Dream круиздік кемесіндегі 200-ге жуық индонезиялық азамат, экипаж мүшелері COVID-19 коронавирусына байланысты карантиннен өту үшін адам тұрмайтын Себару аралына (Джакартаның бөлігі) жіберілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Jakarta Post басылымына сілтеме жасап.

Экипаж мүшелерін әскери-теңіз госпиталінің арнайы кемесімен жеткізген.

Индонезиялық Jakarta Globe газетінің хабарлауынша, Себаруды елсіз аралға жатқызуға болады. Ол жақта тұрғындар жоқ, бірақ демалыс пен емделуге жақсы жағдай жасалған. Бұрын онда есірткіге тәуелді адамдарға арналған оңалту орталығы болған.

Индонезия Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің айтуынша, круиздік лайнерде 270 ел азаматы, экипаж мүшесі болған. Бірақ олардың 188-і ғана аралда карантиннен өтуге келісім берді. Басқалары кемеде қалды.


Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай