Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 35 °С
валюта бағамы
USD 397.56
EUR 445.94
RUB 5.82
CNY 55.96

Коронавирус індетінің тағы 20 оқиғасы тіркелді, науқастар саны 228-ге жетті

2020 жылдың 28 наурыз 2020 22:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырудың жаңадан 20 оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«28 наурыз сағат 22:00 жағдай бойынша, коронавирус індетін жұқтырған тағы 20 адам тiркелді, Нұр-Сұлтан қаласында - 18 адам, Алматы қаласында - 1 адам, Ақмола облысында - 1 адам.

Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласында - 135 адам, Алматы қаласында – 51, Қарағанды облысында - 7, Ақмола облысында - 6, Атырау облысында - 5, Жамбыл облысында - 3, Шымкент қаласында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 2, Алматы облысында - 4, Ақтөбе облысында - 1, Солтүстік Қазақстан облысында - 1, Павлодар облысында - 1, Маңғыстау облысында - 1, Қызылорда облысында - 1, жалпы 228 науқас тіркелді», - делінген Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінде.


Жоғары қарай