Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Коронавирус: Фейк ақпараттар жылдам тарап жатыр

2020 жылдың 27 ақпан 2020 18:04

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты оған қатысты ақпараттардың маңызы арта түсті. Әлеуметтік медиа ғасырында бұл Facebook пен YouTube-қа үлкен жауапкершілік жүктейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС-ге сілтеме жасап.

«Бүгінгі таңда миллиардтаған адам осы екі платформадан ақпарат іздейді. Бұл екі желі жалған ақпарат таратушылар үшін де ашық алаңға айналды. Мысалы, Facebook топтарда вакцинаға қарсы жалған ақпарат пен 5G желісіне қарсы адамдардың фейк жаңалықтары жылдам тарады», - деп жазады басылым.

Автордың айтуынша, тіпті бұл екі тақырыптарды коронавируспен байланыстырушылар қатары да көбейген.

«Youtube-те коронавирус пайда болғанға дейін бір апта бұрын 5G енгізілгені туралы ақпарат тарады. Сонымен қатар, Diamond Princess круиз лайнері дәл осы желіні пайдаланғандықтан, лайнер жолаушылары вирус жұқтырған деушілер де бар. Тағы біреулер вирусты Америка немесе Қытай үкіметі бірігіп зертханада әдейі жасаған деген де теория тараған. Сонымен қатар коронавирус биологиялық қару жасау барысында пайда болған деген жалған ақпараттар да осы желілер арқылы кең тарады», - деп жазады автор.

Оның айтуынша, әлеуметтік желілер дезинформациямен күресуге барынша тырысып жатқанымен, бұл елілердегі жалған ақпарат әлі де сұранысқа ие тауарға айналып отыр.



Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Әлем, Коронавирус,
Жоғары қарай