Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Коронавирус: Еуроодақ елдері дағдарыстан шығу жолдарын келісе алмауда - The Guardian

2020 жылдың 30 наурыз 2020 06:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еуроодақ елдерінің басшылары коронавирус кесірінен туындаған дағдарыстан экономиканы қалай құтқару туралы ортақ шешімге келе алмай жатыр, деп жазады The Guardian.

«Еуроодаққа мүше мемлекеттердің басшылары видеоконференция форматында кездесіп, экономиканы қайта қалпына келтіру жоспарын талқылады. Дегенмен, ортақ келісімге келе алмағандықтан, жиналыс екі аптаға шегерілді. Осы уақыт ішінде мемлекеттердің қаржы министрліктері жоспар жасауы тиіс», - деп жазады автор.

Мақалада айтылғандай, виртуалды саммит кезінде Италияның премьер-министрі Джузеппе Контк бұрынғы жобаны мақұлдамай, керісінше, бұл жоспар ірі масштабты дағдарыспен күресте тиімсіз болады деп сынады.

Төрт сағатқа созылған отырыс соңында Еурокеңес төрағасы Шарль Мишель журналистерге Еуроодақ дұрыс шешіп қабылдауға тырысатынын айтып, келесі отырыс 19 қаржы министрімен жалғасатынын мәлімдеді.


Автор Айкүміс Болатбек
Басты сөздер: Коронавирус, Әлем,
Жоғары қарай