Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 399.67
EUR 452.95
RUB 5.82
CNY 56.36

Коронавирус: Атырау тұрғындарына 1300-ге жуық тест жасалды

2020 жылдың 7 сәуір 2020 01:18

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысының тұрғындарына коронавирус инфекциясын анықтайтын тест жасалған, деп хабарлайды ҚазАқпарат өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

«Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жергілікті тұрғындар арасында коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін 1300-ге жуық ПТР тест жасалған. Оның ішінде қауіпті індетті 29 адамның жұқтырғаны белгілі болды. Covid-19 дертіне шалдыққандармен жақын байланыста болған барлық тұлғаға ПТР сынақтары жүргізіліп, тест қорытындысы теріс нәтиже көрсетті» -деп хабарлады өңірлік коммуникациялар қызметі.

ПТР тесттеріне негізделген диагностика – адам ағзасындағы коронавирустық инфекцияны анықтайтын нақты әдіс. Сынама тест вирустың РНҚ фрагменттерін анықтауға негізделген.

Жоғары қарай