Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

«Қорқыт сазы» фольклорлық халық ансамблі концерт берді

2019 жылдың 22 қазан 2019 21:37

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат – Қызылорда облысының Қазалы ауданында «Қорқыт сазы» фольклорлық халық ансамблі жұртшылыққа өз өнерін ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Роза Бағланова атындағы аудандық мәдениет орталығында өткен шара Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында қолға алынды.




«Қорқыт сазы» фольклорлық халық ансамблі 1986 жылы аудандық Мәдениет үйі жанынан құрылған. Өнер ұжымы жыл сайын аудан халқы алдында есеп беруді дәстүрге айналдырған. Ансамбльге Қазақстан Республикасы композиторлар одағының мүшесі, ҚР мәдениет қайраткері Сәукен Әліш жетекшілік етеді. Қазіргі таңда «Қорқыт сазы» бағындарған белестер аз емес, облыстық, республикалық байқаулардың лауреаты атанып үлгерген. 1994 жылы ҚР Мәдениет министрлігінің Қаулысымен ансамбльге «халықтық» дәрежесі берілді. Ұжымның репертуарында күні бүгінге дейін Сыр өңіріндегі Арал, Қазалы, Ақтөбе және қарақалпақ халқына мәшһүр болған Мырза мен Жалдыбайдың, Қазанғаптың, Дайрабайдың күйлерімен қатар, халық әндері және Қазақстан композиторлары мен жергілікті сазгерлердің шығармалары бар.

Аудандық мәдениет орталығына жиналған көрермендер ансамбльдің орындауында «Қаражорға», «Ыңғай көк», «Мамық», «Балбырауын» күйлерін, «Қазақ елі толғауы», «Адам жоқ тұратұғын бір қалыпта», «Қыпшақтар», «Бұраң бел» сияқты әндерін тыңдады.




Жоғары қарай