Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Қорғаныс министрлігінде жаңа бөлімше құрылды

2019 жылдың 13 тамыз 2019 18:50 136

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алғаш рет жүргізілген қызметтік талдау нәтижелерімен Қорғаныс министрлігі және Бас штаб орталық аппаратының құрылымын жетілдіру аясында бірнеше жаңа бөлімше құрылды, деп хабарлайды ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Солардың бірі – Стратегиялық талдау және дамыту департаменті. Департаментке Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеу, оның ішінде Қарулы Күштердің құрылысы мен оны дамытуда, еліміздің әскери қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуде тұжырымдамалық тәсілді үйлестіру тапсырылды.

Қорғаныс министрлігінің Стратегиялық жоспарын жүзеге асыру барысында Департаментке қаржы және материалдық ресурстарды, сонымен қоса ерекше назар аударуды талап ететін жетекші қызмет бағыттарын талдау және анықтауды бақылау жүктелді.

Қауіпсіздікке қатысты болжанған тәуекелдер мен қауіп-қатерді ескере отырып, күш Қазақстан қорғаныс әлеуетінің, Қарулы Күштердің құрылысының сандық және сапалы өсуіне ықпал ететін оңтайлы шешімдерді іздеуге бағытталатын болады.

Жаңа департаментті Саидмұрат Тәңірберген басқарады. Оның ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде, сондай-ақ қорғаныс-өнеркәсіп кешені шеңберінде стратегиялық жоспарлау ауқымында тәжіриесі бар.

1999 жылдан 2002 жыл аралығында Саидмұрат Бапанұлы Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығында сектор меңгерушісі, ішкі және әскери қауіпсіздік бөлімінде, сондай-ақ Хатшылық меңгерушісінің орынбасары лауазымдарында қызмет еткен.

2015 жылдан 2019 жыл аралығында Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының меңгерушісі қызметін атқарды. Мемлекеттік марапаттары бар. Атап айтқанда, «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерен еңбегі үшін» медалі.

Жоғары қарай