Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Қорғаныс министрінің орынбасары тағайындалды

2019 жылдың 5 сәуір 2019 19:04 904

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен бірқатар кадрлық өзгерістер орын алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Мемлекет басшысының Өкімімен:

Мұрат Кәрібайұлы Бектанов Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы қызметінен босатылды;

Бақыт Жанұзақұлы Құрманбаев Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімінің меңгерушісі қызметінен босатылды;

Марат Әбілахатұлы Оразаев Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды;

Алмаз Шайкенұлы Нұразхан Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінің директоры қызметіне тағайындалды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен:

Мұрат Жәлелұлы Майкеев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы қызметінен босатылды;

Талғат Жеңісұлы Жанжүменов басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары қызметінен босатылды;

Қуатжан Серікқазыұлы Уәлиев Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.

 

Жоғары қарай