Ауа райы
Астана -16 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Қорғаныс министрі Отардағы оқ-дәрілердің сақталу жағдайын тексерді

2019 жылдың 12 шілде 2019 08:40

ОТАР. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Нұрлан Ермекбаев Гвардия гарнизонына барған жұмыс сапарында оқ-дәрі қоймаларын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тексеріс кезінде Нұрлан Ермекбаев өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына жіті мән берді.

Лауазымды тұлғалар қорғаныс министріне зымырандар мен оқ-дәрілерді сақтау тәртібі, қару-жарақтың, әскери және арнаулы техникалардың жай-күйі, сондай-ақ материалдық-техникалық құралдар туралы баяндады.

Ведомство басшысы қойманы тексеру барысында оқ-дәрілер мен әскери техникаларды сақтау қауіпсіздігін арттыру бойынша нақты тапсырмалар берді әрі әскери қызметшілердің өрт қауіпсіздігі ережелерін бұлжытпай орындаудың міндетті екенін ескертті.

Жоғары қарай