Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Қорғаныс министрі Арыста жарылыс салдарын жою жұмыстарымен танысуда

2019 жылдың 4 шілде 2019 23:16 964

АРЫС. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапарымен Арыс қаласында жүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәлім етілгендей, Нұрлан Ермекбаев жұмыс сапары барысында жарылыс салдарын жою бойынша берілген тапсырмалардың орындалуын тексерді. Сондай-ақ әскери бөлімді  көшіру және оқ-дәрілердің бөлшектерін жою мәселелерін жеке бақылауына алды.

«Арыс қаласына жұмыс сапары барысында қорғаныс министрі қала маңын аралап, оқ-дәрілер мен қару-жарақтарды контейнерлерге тиеу тәртібімен, әскери қызметшілердің далалық лагерьдегі тұрмысымен, ұшқышсыз ұшу құрылғыларын далалық басқару пунктіндегі жұмыс жағдайымен танысты. Сондай-ақ жерлерді минасыздандыру мен тазарту жөніндегі инженерлік бөлімшелерге қарайтын жеке құрамның нұсқаулықтарын тексерді», - деді министрліктен.

Жинау пунктінде оқ-дәрі бөлшектерін жою жұмыстарының барысы тексеріліп, «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы Қ.Қарақұловтың оқиға салдарын жою жөнінде ағымдағы жағдайлар мен жұмыстарды ұйымдастыру туралы баяндамасы тыңдалды. Кейбір мәселелер бойынша шұғыл шешімдер қабылданды.

«Сондай-ақ министр Арыс қаласында оқиға салдарынан қаза болған әскери қызметшілердің отбасыларын аралап, олардың жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты. Ол әр әскери қызметші әскери міндетін адал орындап, өз әскери ісінің кәсіби шебері екенін атап айтты», - деді қорғаныс ведомствосынан.

 

 

Жоғары қарай