Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Қорғаныс министрі Ақтөбеде патриоттық саябақ салуды ұсынды

2019 жылдың 6 қыркүйек 2019 23:38

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ақтөбеде жас сарбаздармен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еліміздің әр өңірінде «Жас сарбаз» патриоттық қозғалысы құрылған болатын. Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Ақтөбе облысындағы қозғалыс мүшелерімен, оқушылармен кездесті. Кейін министрлік пен облыс әкімдігі бірлесе жұмыс істеуге келісіп, меморандумға қол қойды.





«Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлованың туған жері, құтты мекен – Ақтөбеде кездескеніме қуаныштымын. Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаев 2018 жылы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстанда жалпыұлттық »Жас сарбаз« патриоттық жасөспірімдер қозғалысын құрып, әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту туралы тапсырма берген болатын. Осыған орай барлық аймақта »Жас сарбаз« патриоттық жасөспірімдер қозғалысы қоғамдық бірлестігі құрылды. Бұл меморандум өскелең ұрпақ бойындағы қазақстандық патриотизмді, туған жерге деген сүйіспеншілікті қалыптастыруға зор үлесін тигізеді деп сенеміз. Оңдасын Сейілұлы, өзіңіз еліміздің патриоты ретінде, Қазақстанның дамуы мен өркендеуіне адал да, абыройлы еңбегіңізбен зор үлес қосып отырсыз. Өңірде атқарылып жатқан игі істер, жастарға арналып салынып жатқан әлеуметтік нысандар болашақ ұрпақты тәрбиелеуде ерекше рөл атқарады. Алдағы уақытта »Жас сарбаз« қозғалысының жұмысын жандандыратын орталық немесе патриоттық саябағы салынса нұр үстіне нұр болар еді. Сондай-ақ »Жас сарбаз« сыныптарын ашуға, қажетті материалдық-техникалық, киім формасымен жабдықтауға көмек көрсетсіңіздер риза боламыз», - деді министр Н.Ермекбаев.
Қазір өңірдегі әр мектепте оқушыларға ұлттық рух беретін патриоттық қозғалыс жұмыс істеп тұр.





«Ақтөбе облыстық филиалы өткен жылы ресми түрде тіркелген болатын. Біздің негізгі мақсатымыз жастардың бойында Отан алдындағы қасиетті парызын оятуға, өз еліне, жеріне қызмет етіп қана қоймай оны қорғайтын, елдің болашағын тәрбиелеу. Қысқа уақыт ішінде барлық оқу орындарында кездесулер өтіп, қозғалыстың жұмысы таныстырылды. Алдағы уақытта қозғалыстың жұмысын жандандыру үшін жылдық жоспар бекітілді. Облыстағы жалпы білім беретін 403 оқу орнында 356 әскери-патриоттық клуб ашылды. Биылғы жаңа оқу жылынан бастам мектептерде 11 »Жас сарбаз« сыныбы жұмысын бастайды», - деді «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының облыстық филиал төрағасы Бағдат Тұрмағамбетов.


Жоғары қарай