Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Кореяның зерттеу институты қазақстандықтарға оқу гранттарын ұсынды

2019 жылдың 16 тамыз 2019 23:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Кореяның UST ғылыми-зерттеу институты қазақстандық студенттерге техникалық мамандықтар бойынша магистрлік және докторлық бағдарламаларға гранттар ұсынады. Бұл тураллы ҚазАқпарат «Халықаралық бағдарламалар орталығына» сілтеме жасап хабарлайды.

UST ғылыми-зерттеу институты ретінде 2003 жылы құрылған және Оңтүстік Корея үкіметімен қаржыландырады. Университетте 1400-ден астам профессорлар жұмыс атқарады және 32 ғылыми-зерттеу институттары бар.

Университет қазақстандық студенттерге техникалық мамандықтар бойынша магистрлік және докторлық бағдарламаларға гранттар ұсынады.

Мамандықтар:

Жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар, биотехнология, нано-технологиялар, қоршаған ортаны қорғау технологиясы, ғарыштық технологиялар. Мамандықтардың толық тізімін келесі сілтемеден таба аласыз.

Онлайн өтініш беру үшін келесі сілтеме арқылы өтіңіз.

Құжаттарды тапсыру мерзімі:

Онлайн-система арқылы: 19–20 қыркүйек 2019 ж.

Почта арқылы құжаттар тапсыру: 11–16 қазан 2019 ж.


Басты сөздер: Білім,
Жоғары қарай