Ауа райы
Астана -25 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 387.37
EUR 428.55
RUB 6.06
CNY 55.06

Корея компаниялары сауда саясатынан өңірде болу саясатына көшуі тиіс -  Тілеуберді

2019 жылдың 16 қазан 2019 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Оңтүстік Корея компаниялары сауда-саттық саясатынан өңірде болу саясатына көшуі қажет. Бұл туралы «Орталық Азия - Оңтүстік Корея» 12-форумында ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Орталық Азия – Оңтүстік Корея» 12-форумының бүгінгі күн тәртібінде техникалық стандарттау, су ресурстарын басқару, ІТ саласында бірлескен жобалаларды жүзеге асыру және жасыл экономика саласындағы ынтымақтастық сынды келешегі зор бағыттар тұр. Техникалық стандарттау саласындағы ынтымақтастық Орталық Азия өңірі мен Корея Республикасы арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды аспектісі саналады. Біздің өңірде Samsung, Hyundai, KIA сынды корейлік ірі компаниялар бар. Төртінші өнеркәсіп революциясына көшу дәуіріндегі бізге техникалық стандарттау саласындағы ортақ регламенттерді ұстану қажет. Осыған орай корейлік компаниялардың сауда-сақттық саясатынан өңірде болу саясатына көшу қажеттігін атап өткім келеді»,- деді М.Тлеуберді.

Министрдің атап өтуінше, ортақ техникалық стандарттар корейлік компанияларға Орталық Азия өңірінде өнім шығарып, сатуға мүмкіндік береді.

«Қазақстан Үкіметі оңтүстіккорейлік инвесторлар үшін тартымды жағдай жасау саясатын жалғастыруға ниетті. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болуы, түркітілдес және Таяу шығыс елдерімен кооперациясы, сонымен қатар мол шикізатының болуы корейлік компанияларға өндірістің толық циклін жолға қоюға жақсы мүмкіндік береді», - деді ол.

Сонымен қатар ол құрғақшылық пен мұздықтардың еруі салдарынан ауыз су ресурстарының түгесілуі Орталық Азия елдері үшін үлкен проблема болуы мүмкін екендігін ескертті.

«Осы тұрғыда Орталық Азия үшін Корея Республикасының су ресурстарын үнемдейтін заманауи технологияларға ие болуы зор қызығушылық тудырады», - деді М.Тілеуберді.

Жоғары қарай