Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Көпбалалы отбасыларға жеңілдетілген кредит беру жүйесі енгізіледі - Роман Скляр

2019 жылдың 19 наурыз 2019 14:07 1928

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көпбалалы отбасыларға 2 пайыздық жеңілдетілген кредит беру жүйесі енгізіледі. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Нұрлы жер»  бағдарламасы бойынша баяндама жасаған ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының «Nur Otan» партиясының съезінде берген тапсырмаларын іске асыру бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы көпбалалы отбасылар, мүгедек балалары бар немесе мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасылар және толық емес отбасыларға 20 жылға дейін алғашқы жарнасы 10 пайыз болатын жылдық ставкасы 2 пайыздық жеңілдетілген кредит беру жүйесін енгізу ұсынылады. Алғашқы жарна ретінде тұрғын үй сертификатын пайдалануға мүмкіндік бар», - деді ол.

Министрдің айтуынша, аталған механизмді 3 жыл ішінде іске асыру үшін жыл сайын 50 млрд теңгеден 150 млрд теңге қажет болады.

«Жыл сайын 6 мың несие беру жоспарланған. Сонымен қатар, әкімдіктер тарапынан 2 мың пәтер сатып алу қамтамасыз етіледі. 3 реттік айналым есебінен 25 жылда 56 мың көпбалалы отбасыға займ беріледі»,  - деді Роман Скляр.

 

 

Жоғары қарай