Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Көпбалалы отбасыларға қатысты аудиожазбадағы дауыс Әйтімованікі емес - ҚР ІІМ

2019 жылдың 22 сәуір 2019 19:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желіде тараған балағатқа толы аудиожазбадағы дауыс сенатор Бірғаным Әйтімованікі емес. Бұл жайында ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның атап өтуінше, Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментіне ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Әйтімова өзінің дауысын, суреті мен қызметін көрсету арқылы әлеуметтік желіде көпбалалы аналардың жәрдемақысы жөнінде жалған ақпараттың тарауына қатысты шағым түсірген. Осыған орай департамент ҚР ҚК 274-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

«Сараптама қорытындысына сәйкес таратылған аудиожазбадағы дауыс ҚР Парламенті Сенатының депутаты Б.Әйтімованікі емес. Қасақана жалған ақпарат таратқан тұлғаны анықтау туралы шағым түсуіне байланысты тергеу органдары кінәлілерді анықтау және оларды жауапкершілікке тарту бойынша барлық шараны қабылдап жатыр», - деді Н.Ораз.

Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: ҚР ІІМ, Интернет,
Жоғары қарай