Ауа райы
Астана -22 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 383.95
EUR 429.26
RUB 6.16
CNY 55.02

Көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салынады

2019 жылдың 27 ақпан 2019 11:33

АСТАНА. ҚазАқпарат - Көпбалалы отбасылар үшін 40 мың жалдамалы пәтер салынады. Бұл туралы бүгін «Нұр Отан» партиясының кезекті XVIII съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Съезд барысында Елбасы Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасын кеңейтіп, оның аясында көпбалалы отбасыларға 40 мың жалдамалы пәтер салуды тапсырды. Бұл шараға жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады.

«Үкіметке «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында көпбалалы отбасылардың ішіндегі аз қамтылған отбасыларға басымдық бере отырып 40 мыңнан астам жалдамалы пәтер салуды тапсырамын. Бұл мақсатқа таяу 7 жылда жыл сайын 50 млрд теңге бөлінетін болады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Жоғары қарай