Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Көпбалалы отбасылардың үйлеріне ыс иісін анықтайтын құрылғы орнатылуда

2019 жылдың 18 қазан 2019 10:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда көпбалалы отбасылар тұратын жеке үйлерге ыс иісін анықтайтын сенсор құрылғы орнатылуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 15 тамыздан бастап, бүгінге дейін Көкшетау қаласында өрт қауіпсіздігі қамтамасыз ету бойынша алдын алу шарасы өткізіліп жатыр.

«ТЖД Өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі мен Көкшетау қалалық ТЖБ қызметкерлері бірлесіп, жеке тұрғын үйлердің аралауда. Бірінші кезекте ыс иісін анықтайтын датчиктерді көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға және мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне орнатылуда. Сондай-ақ, олармен өрт қауіпсіздігін сақтау туралы түсіндіру жұмыстары жүргізіледі», - дейді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

Айта кету керек, Көкшетау қалалық Төтенше жағдайлар басқармасының дерегі бойынша жылу маусымы кезінде адам өлімі негізінен пештен, ыс тиуден болады. Осындай төтенше жағдайларды болдырмау мақсатында 2018-2019 жылдары әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасылар тұратын жеке тұрғын үйлерге ыс иісін анықтайтын 48 датчик орнатылған. Жыл соңына дейін тағы 15-ін орнату жоспарланған. Бұл жұмыстар әкімдікпен бірлесіп атқарылуда.

Жоғары қарай