Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Көпбалалы отбасылардың балаларына білім гранты қалай бөлінеді

2019 жылдың 1 тамыз 2019 17:11 300

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көпбалалы отбасылардың балалары қосымша конкурс аясында білім грантын ала алады. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Фатима Жақыпова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша қосымша 5 мың грант бөлінді. Ол гранттар жергілікті атқарушы органдармен 5-10 тамыз аралығында беріледі. Жалпы республикалық конкурс бойынша грантты иеленбегендер қосымша конкурсқа қатысу мүмкіндігіне ие болады. Олар 53 785 гранттың ішіне кірмейді», - деді вице-министр.

Еске сала кетейік, биыл маусым айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балаларына 5 мың білім гранты бөлінетінін айтты.

«Биылғы жылдың 1 қыркүйегінде аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балалары үшін жоғары оқу орындарына қосымша 5 мың білім гранты бөлінетін болады. Әзірше 5 мың, одан кейін бұл жүйе жұмыс істейтін болса, көре жатармыз», - деді Қ.Тоқаев.

Бұған дейін ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов көпбалалы отбасы балаларына арналған 5 мың грант қалай берілетінін айтқан еді.

Жоғары қарай