Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Көпбалалы отбасылар несиені қиын жағдайдан шығу үшін алады - «Күміс алқа» иегері

2019 жылдың 27 маусым 2019 13:13 933

ОРАЛ. ҚазАқпарат - Президенттің несиені өтеу жөніндегі Жарлығы бізді де қуантты. Бұл туралы Теректі ауданы Федоров ауылында тұратын «Күміс алқа» иегері Ақтілек Қапиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, көпбалалы отбасылар несиені қиын жағдайдан шығу үшін алады.

«Президент біз сияқты көп балалы отбасылардың несиесін жабу туралы Жарлық шығарды дегенді естігенде, бастапқыда сенбеген едім. Кейін өзім оқығаннан кейін көзім жетті. Бұл шынында да көп бала тәрбиелеп отырған ата-аналарға үлкен көмек. Мұны өте дұрыс шешім деп есептеймін»,  - дейді Ақтілек Қапиева.

Оның сөзіне қарағанда, отбасында ері екеуі алты бала тәрбиелеуде. Мемлекет тарапынан бұдан бұрын да қолдау көрсетіліп келеді. Атаулы әлеуметтік көмек алады, өздері жұмыс жасайды.

«Біз бұған дейін жалға алған пәтерде тұрып келген едік. Жуырда аудан орталығында кезегіміз келіп, көп қабатты үйден жаңа пәтер алдық. Енді, міне, Президент көп балалы отбасылардың аяғынан қаз тұрып кетуіне үлкен қолдау көрсетіп отыр.  Несие адамның мойнынан түспесе, қиын, әрине. Одан құтылғаннан кейін әр отбасы өз жағдайын түзей алады деп ойлаймын. Сол үшін мемлекетке ризамыз», - деді Ақтілек Қапиева.

 

 

Жоғары қарай