Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Көпбалалы аналарға материалдық көмек көрсетілді - Қостанай

2019 жылдың 22 сәуір 2019 18:48 702

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Nur Otan партиясы қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде тұрғындардың жеке мәселелері қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қоғамдық қабылдауға 5 адам жазылған. Солардың бірі - Виктория Гажа. Ол жеке сот орындаушыларына шағым айтып келді.

«Атқарушылық үкімнің мерзімі өтсе де, маған сырт облыстарға шығуға шектеу қойды. Бұған қоса меншігімде мүліктерді тәркілемек», - деді Виктория Гажа көмек сұрап.

Қостанай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Асхат Жүнісовтің сөзінше, мұндай жағдайда қала тұрғыны жазбаша өтінім жасауы тиіс. Мәселе жақын арада шешімін табады.

Тағы бір қала тұрғыны Наталья Ищенко материалдық көмек сұрайды. Ол үш баланы жалғыз тәрбиелеп отыр. Жолдасымен ажырасқан.


null 

«Қолдан келгенді жасаймыз. Көпбалалы және аз қамтылған отбасыларды қолдау - мемлекеттік саясаттың басты бағытына айналып отыр. Мұны мемлекет басшысы баса айтты. Сондықтан, әзірге қалалық мәслихат азық-түлік жағынан материалдық көмек көрсетеді. Ал әлеуметтік мәселелер бойынша Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылығы жәрдемдеседі», - деді Nur Otan партиясы Қостанай қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Манарбек Сұлтанғазин.

Қоғамдық қабылдауға келген 4 баланың анасы Галина Олжабаеваға да қалалық мәслихат депутаттары материалдық көмек ұсынатынын жеткізді. Сонымен қатар, көпбалалы ана Әсел Мирмановаға 109 мың теңге сомасында қаражат берілді.

Тағы бір тұрғын Нұрахмет Арыстанов 10 жыл бойы тұрып келе жатқан пәтерін жекешелендіруге қатысты сұрақ қойды.

Манарбек Сұлтанғазин оған қалалық әкімдікке жазбаша өтініш жолдау туралы кеңес берді.

 

 

Жоғары қарай