Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Көп балалы отбасылардың Екібастұз және Ақсудан баспана сатып алуы үшін 1,2 млрд теңге бөлінді

2019 жылдың 12 шілде 2019 02:38 586

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Бұл қаражат республикалық бюджеттен «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша көп балалы отбасыларды баспанамен қамтамасыз ету аясында бөлінді, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

«Республикалық бюджеттен Екібастұз және Ақсу қалаларынан пәтер сатып алу үшін 1,2 миллиард теңге бөлінді», - деді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Рүстем Раисов.

Ақсуда 143 пәтерді сатып алу көзделген. Оның 57-сі Астана көшесі, 58 үй мекенжайындағы қайта жаңартылған ғимараттан көп балалы отбасыларға берілді. Сондай-ақ металлургтер қаласында құрылыс жұмыстары жүріп жатқан үйлерден тағы 56 пәтер сатып алу жоспарланып отыр.

Рүстем Раисовтың айтуынша, сатып алынатын тұрғын үй кем дегенде 60 шаршы метрді құрауы тиіс және бір пәтердің құны 8,4 млн теңгеден аспауы қажет. 

 

Жоғары қарай